Қазақстан тарихынан жиі келетін сұрақтар!!!
1. Жоңғар шапқыншылығынан зардап шеккен аймақ: Жетісу
2. 1726 жылы болған «Қалмақ қырылған» шайқасының маңызы: Қазақстанның солтүстік-батысы азат етілді
3. 1726 жылы қазақ жасақтарының жоңғарларды талқандауының басы болған оқиға: «Қалмақ қырылған»
4. Болат хан өлгеннен кейін, аға хандыққа таласқан қазақ хандары: Сәмеке мен Әбілқайыр
5. Жоңғарлардың Ташкент пен Түркістан қалаларын басып алуы:1724-1725жылы
6. Қазақстанның Ресейге қосылуының басталған жылы: 1731жылы
7. Кіші жүзді Ресейдің қол астына алу ұсынысын қабылдаған патша: Анна Иоанновна
8. XVIII ғ. 1 жартысында қазақтардың Ресейге қосылуын ұйымдастырушы:Әбілқайыр хан
9. Кіші жүз ханы Әбілқайырдың жұмсауымен қазақтардың Ресейге қосылуы туралы келісім жүргізген елшілер: Құндағұлұлы, Қоштайұлы
10. 1731 жылы Әбілқайырды қолдап, Ресейдің қол астына кіруге ант берген Кіші жүз старшындарының саны: 29 старшын
11. 1735 жылы Қазақстанның солтүстігінде өзен бойында салынған бекініс-Ор
12. 1738 жылы Орынборда қазақ сұлтандарының съезін шақырған Орынбор комиссиясының басшысы : В.Татищев
13. Әбілқайырды 1748 жылы өлтірген:Барақ сұлтан
14. Орынбор қаласының салынуы-1743 жылы
15. 1714-1720 жылы патша өкіметінің Ертіс бойына әскери бекіністер салудағы басты мақсаты:Қазақ өлкесін біртіндеп жаулап алу
16. 1747 жылы Нәдір шах өлгеннен кейін Хиуа тағына отырған хан: Қайып сұлтан
17. XVIII ғ. 50 ж. Солтүстік – Шығыс Қазақстандағы ұзындығы 723 верст болатын шеп: Колыван шебі
18. XVIII ғ. II ж. қазақ – орыс саудасының белгілі орталықтары:Семей,Өскемен,Бұқтырма
19. 1766 жылы Әбілмәмбет ханның II Екатеринаға хат жолдау себебі:Түркістан арқылы өтетін керундерді Семей Жәміш бекіністерінде шек қоймай қабылдауға рұқсат алу
20. 1756 жылы қыркүйекте патша әкімшілігі Кіші Жүз қазақтарына ресми шек қойды: Жайық жағалауына мал жаюға
21. Жайық бойында қазақтарға мал жаюға патша өкіметі алғаш рет шек қойды:1756 жылы
22. 1766 жылы Екатерина патшадан Түркістан арқылы өтетін ірі керуендерді Семей, Жәміш бекіністерінде қабылдауға рұқсат алған хан:Әбілмәмбет
23. 1741-1743 ж. Абылай сұлтан тұтқында болды: Жоңғарияның
24. 1771 ж. Орта жүздің ханы Әбілмәмбет қайтыс болғаннан кейін хан тағына отыруға тиіс мұрагер: Әбілпайыз
25. Көзінің тірісінде үлкен абыройға ие болып,қазақ халқының есінде қазақ жерін біріктіруші ретінде қалған хан:Абылай
26. Абылайдың бас мирасқоры:Уәли
27. XVIIІ ғасырда шығармаларын аңызға айналған сардарлар Қабанбай мен Бөгенбай батырларға арналған халық ауыз әдебиеті көрнекті өкілдерінің бірі:Ақтамберді
28. «Орынбор тарихы» атты зерттеу еңбегінде қазақ тарихының даму кезеңдерін көрсеткен орыс ғалымы:П.Рычков
29. Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі болған жылдар: 1773-1775 жж.
30. Е.Пугачев көтерілісіне қатысқан қазақ жүздері:Кіші және Орта жүз
31. Қазақтардың Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуына түрткі болған:Жер мәселесі
32. Е.Пугачевті ашық қолдап, оған қарулы топ жіберген Кіші жүз сұлтаны:Досалы
33. Е.Пугачев көтерілісінде басты күш қазақтардан құралып, басып алған бекініс:Кулагин
34. 1773 жылы 17-18 қарашада Усиха өзені бойында Пугачевке жолыққан Нұралы ханның арнайы өкілі:Зәбір
35. Кіші жүз қазақтарының Е.Пугачев көтерілісіне қатысуын Нұралы хан қалай түсіндірді:Қазақтардың өзіне бағынбай кетуінен
36. Кіші жүздегі көтеріліс басшыларының бірі, Пугачев көтерілісіне қатысқан батыр: Сырым
37. Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысы кезінде Кіші жүз қазақтары қатысқан ұрыстар: Жайықты қоршауға, Кулагинді алуға
38. Орта жүз қазақтарының Пугачев көтерілісі кезінде 1773 жылы қазан айында шабуыл жасау үшін жиналған бекінісі:Пресногорьковск
39. Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысын ашық қолдаған қазақ сұлтаны:Досалы
40. С.Датұлы старшын болған ру:Байбақты
41. 1802 жыл С.Датұлы қаза болған жер:Хиуа хандығы
42. 1797 жылы Барон Игельстромның ұсынысы бойынша патша үкіметі бекіткен хан:Айшуақ
43. 1797 жылы 17 наурызда С.Датұлы тұтқиылдан шабуыл жасады:Хан сарайына
44. 1791 жылы Кіші жүздің ханы болып сайланды:Ералы
45. С.Датұлы бастаған көтерілісі созылды:14 жылға
46. Сырым Датұлы көтерілісінің нәтижесі:Қазақтарға Жайықтың оң жағынан өтуге рұқсат етілді
47. 1797 жылы Сырым Датұлын қудалаған Кіші жүз билеушісі:Қаратай
Орынбор әкімшілігінің Сырымды өзіне тарту үшін жасаған әрекеті: Хандық билікке қарсы С.Датұлы мен барон Игельстромның көзқарастары ортақ болды
48. Кіші жүзде хандық билікті жойып, отаршылдықты күшейту туралы реформаның жобасын дайындаған:барон Игельстром
49. Бөкей Ордасының территориясы:Еділ мен Жайықтың аралығы
50. Ішкі Ордадағы хан сарайы орналасты:Жасқұста
51. Ішкі Ордада «Хандық кеңес» құрылған жыл:1827 жыл
52. 1836-1838 жылдары Бөкей Ордасында болған көтерілістің басты қозғаушы күші: шаруалар
53. ХІХ ғасырдың І жартысында Кіші жүздің территориясы қамтыған алқап: 850 000 шақырым
54. Бөкей Ордасында болған көтерілістің мақсаты айқын көрінеді: Махамбеттің өлеңдерінде
55. 1836-1838 жылдары көтеріліс бойынша сот жазалау ісін басқарған: полковник Геке
56. Исатай көтерілісін тездетіп басуға әсер еткен жағдай:Кенесары қозғалысының Кіші жүзді шарпуы
57. Патша үкіметінің Исатайды ұстап берушіге белгіленген сыйдың мөлшері: 1000 сом
58. 1837 жылы қазанның 15 де Исатай мен Махамбет бастаған қол Теректіқұмда кімнің ауылын ойрандады: Балқы бидің
59. Бөкей Ордасындағы 1842 жылғы көтерілістің басшылары:А.Қошайұлы мен Л.Мантайұлы
60. 1836 жылы Кенесарының ағасы Саржан өлтіруге бұйрық берген хан: Хиуа ханы
61. К.Қасымұлы бастаған көтеріліс Қазақстанның қай өңірін қамтыды:Үш жүзді
62. Кенесары көтерілісіне қатысқан сұлтан, би, старшындар саны:80 нен астам
63. 1845 жылы Кенесары ауылына келген патша елшілері:Долгов пен поручик Герн
64. Кенесары және оның Қоқанға қарсы күресін қолдаған Ұлы жүз батырлары: Тайшыбек, Саурық, Сұраншы
65. Кенесарының соңғы шайқасы өткен жер:1847 жылы Майтөбеде
66. ХІХ ғасырдың 20-30 жылдарында Сыр өзені бойында бекініс тұрғызған мемлекет:Хиуа хандығы
67. Кенесары әскерінің жеке отрядын басқарған белгілі батыр, Амангелдінің атасы:Иман батыр
68. Көтеріліс барысында Кенесарыға одақ жасауды ұсынған хан:Қоқан ханы
69. Кенесары билер сотын жойып, оның орнына енгізді:хандық сотты
70. Кенесары хандық билікті қолына алған жыл:1841 жылы
71. Кенесары Қасымұлы ерекше көңіл бөлген шаруашылық саласы:егіншілік
72. Кенесары Қасымұлы көтерілісінің негізгі мақсаттарының бірі:Патша өкіметінің қазақ жерін отарлауын тежеу
73. Сыр бойы қазақтарының XIX ғасырдың 50 жылғы азаттық күресін басқарған: Ж.Нұрмұхамедұлы
74. Ж.Нұрмұхамедұлы бастаған Сыр қазақтарының Хиуа бекінісін талқандаған жыл:1843 жыл
75. XIX ғасырдың 50 жылдарында Арал теңізінің солтүстік жағалауында көтерілісті бастаған:Есет батыр
76. Есет Көтібарұлы бастаған көтерілісті басуға қатысқан сұлтан:Арыстан Жантөреұлы
77. 1868-1869 жылдардағы қазақ шаруаларының көтерілісі болған облыстар:Орал, Торғай
78. XIX ғасырдың ІІ жартысында «Уақытша ережеге» сәйкес енгізілген міндетті салық:Шаңырақ салығы
79. XIX ғасырдың 60 жылдарында «Уақытша Ереже» бойынша шаңырақ салығының мөлшері көбейді: 1 сомнан 3 сомға дейін
80. 1869 жылы көтерілісшілер 20000 қолмен фон Штемпельдің әскеріне шабуыл жасаған жер:Жамансай көлі маңында
81. 1869 жылы наурыз, маусым айларында көтерілісшілер феодалдық топтарға қарсы жасаған шабуылдарының саны: 41
82. 1870 жылы Маңғыстау көтерілісі кезінде қазақ шаруаларының рухын көтерген оқиға:Подполковник Рукиннің отрядының талқандалуы
83. 1870 жылғы Маңғыстау көтерілісінің жеңілуіне байланысты Хиуа хандығына көшіп кеткен адай қазақтары шаңырақтарының саны: 3000
84. 1870 жылғы Маңғыстау көтерілісінің ерекшелігі:Қазақ жалдамалы жұмысшыларының қатысуы
85. 1870 жылы мамырда Маңғыстаудағы көтерілісті басу үшін қосымша жазалаушы келді: Кавказдан
86. 1870 жылы Маңғыстауда болған көтерілістің антифеодалдық сипатының әлсіз болу себебі:Адайлықтардың арасында рулық-патриархалдық құбылыстар сақталып қалды
87. «Бұларды келістіріп жазалау керек» деген соғыс министрі Милютиннің сөзі аталған көтеріліске қатысты айтылды:Маңғыстау көтерілісі
88. XIX ғасырдың І жартысында Қазақстан экономикасындағы ірі өзгеріс:Жергілікті өнеркәсіп пен кәсіпшіліктің пайда болуы
89. Тау-кен өндірісіне жұмысқа жалданған кедей қазақ-орыс еңбекшілері аталды: Жатақтар
90. Қазақ жеріндегі тұңғыш сауда жәрмеңкесі Бөкей ордасында ашылды:1832 жылы
91. 1822 жылы «Сібір қазақтарының Жарғысының» басты мақсаты:Әкімшілік, сот, саяси жағынан басқаруды өзгерту
92. «Сібір қазақтарының Ережесі» бойынша мұрагерлік жолмен тағайындалды: Болыс сұлтаны
93. 1822 жылғы «Сібір қазақтарының Ережесі» бойынша 12 класқа жататын шенеуніктерге теңелді:Болыс сұлтандар
94. «Сібір қазақтарының Ереже» бойынша ауыл:50-70 шаңырақтан
95. «Сібір қазақтарының Ереже» бойынша болысқа кіретін ауыл саны:10-12 ауыл
96. «Сібір қазақтарының Ереже» бойынша аға сұлтанды сайлаушылар:Тек сұлтандар
97. 1822 жылғы «Жарғы» бойынша қылмыстық істер қаралатын орган: округтік приказ
98. 1822 жылғы «Сібір қазақтарының Ережесі» бойынша аға сұлтанға 10 жылғы еңбегі үшін берілген атақ: Дворян